Екібастұзда жолаушылар вагоны өртеніп кетті
Екібастұзда жолаушылар вагоны өртеніп кетті
131
оқылды

Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Кеше сағат 13:04-те өрт сөндірушілерге Екібастұз қаласы Астана көшесі 32 Б мекенжайында жолаушылар вагоны өртенгені туралы хабар түскен.   [caption id="attachment_116211" align="aligncenter" width="800"]вагон Фото: ТЖД баспасөз қызметі[/caption] «Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-на тиесілі жолаушылар вагоны түгелдей жанып кеткен. Өрт 73 шаршы метр аумақты шарпыды.

Бұған дейін Маңғыстауда бекетте тұрған вагондар өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.