Түрмедегі бөдене бизнесі
Түрмедегі бөдене бизнесі
348
оқылды

Еңбек етем деген адамға қай жерде, қандай жағдайда бол­сын жұмыс табылады

Семей қаласында орналасқан ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт жігіттің тірлігі сө­­зімізге дәлел. Олар қазір темір тор­­дың ішінде бөдене өсірумен шұ­­ғылдануда. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген тіркесті «құс өсір­сең бөдене өсір, өнімі оның көл-көсір» деп те құбылтуға бо­ла­тын сияқты. Өйткені бөдене өте өсім­тал құс. «Бұл бізге бір жа­ғы­нан ең­­бек, бір жағынан ермек. Кү­ніне 120-ға дейін жұмыртқа ала­мыз. Бө­дене 17 күнде дүниеге ке­леді, 40 күн­де жұмыртқа береді» дей­ді ОВ-156/14 мекемесінде жа­засын өтеу­ші Арман есімді жігіт. бөдене Бүгінде бұл мекемеде мыңға тар­­та бөдене бар көрінеді. Ал жа­за­­сын өтеуші 4 жігіт қаладағы же­ке кә­сіпкерлердің бірімен келі­сім­шартқа отырыпты.

Азамат ӘБІЛҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы