Біліміңіз қандай, оқушы?

Біліміңіз қандай, оқушы?

Қазақстан білімі төмен елдердің біріне айналды ма? Білімі мықты мемлекеттер арасында рейтингте еліміз 70-орынға тұрақтапты. Рейтинг негізгі үш кри­терий бойынша түзілген: мемлекеттік білім беру жүйе­сінің дамуы, тұрғындардың білім алу жоспары, мем­лекеттің жоғары білім беретініне сенімі.

Рейтинг 73 мемлекет арасында жүргізілген. Ливан – 69-орында, Мьянма 71-орында тұр. Ал Ресей мен Қытай 21 мен 23-орынға тұрақтаған. Түркия 31-орынға табан тірепті. Алғашқы бестікке АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада елдері кірген.

Еліміз бала тәрбиесі бойынша да, білім беру саласында да «төмендеп» қалды. Жалақы деңгейінде де жалақысы төмен елдердің қатарына іліктік. PISA көрсеткіші бойынша да балымыз төмен болды. «Сауатсыздық деңгейі белең алып бара жатқан жоқ па?» деген қауіп те басым. Бұл – дабыл қағатындай жағдай. Рейтинг «өтірік» түзілуі мүмкін деген де пікірлер айтылады. Бірақ қазақта «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген тәмсіл бар. Әлемдік рейтинг алдамаса керек-ті.

Сондықтан кеш болып қалмай тұрғанда, ойланғанымыз абзал!

 

Гүл БЕКЗАТ