Ақмолада 112 сотталушы амнистияға ілінді

Ақмолада 112 сотталушы амнистияға ілінді

Ақмола облысында 112 сотталушы амнистияға ілікпек. Сотталғандарға «Амни­с­тия» туралы жобаның негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру мақсатында облыстық  Қылмыстық атқа­ру жүйесі департаментінде қоғамдық тыңдау өткізілді.

Жиын барысында сотта­лушы­лар арасындағы тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімнің бас­тығы Сабыр Мұшанбеков абақ­ты­дағы жағдай туралы мәлім етті. «Бүгінде Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі де­пар­та­ментіне қарасты мекеме­лерде 1 883 сотталушы бар. Олар­дың ішінде 1 250 адам проб­ациялық қызметте. «Амнистия ту­ралы» заңға еліміздің Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына орай 112 сотталушы ілініп отыр», – деп атап өтті Сабыр Мұшанбеков. Заң жобасына сәйкес, әлеу­мет­тік осал санатындағы азамат­тарды босату жоспарланған.Заң жобасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік пен жазадан аса ауыр емес қылмыстық әрекет жаса­ған, шығын келтірмеген, қылмыстық құқықбұзушылық және басқа да қуыным талабы болғанымен, оны толығымен өтеген адамдар босатылады.  Со­нымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстардың жартысын не­месе төрттен бір бөлігін жасаған әлеуметтік осал санаттағы адам­дар үшін негізгі жазаның мөл­шері мен мерзімін қысқарту қарастырылған. Бұл гумантистік тұрғыдан өте дұрыс. Бұл абақтыдағы халық санының төмендеуіне оң ықпал етеді. Амнистия ең алдымен барлық мүгедектерге, әйелдерге, жалғызбасты әкелерге, сонымен қатар медициналық қорытынды бойынша ауру деп сипатталған адамдарға қатысты болып отыр. Бұл  – пенитенциарлық жүйедегі маңызды әрі үлкен қадам. Бос­тандыққа шыққан адамдар мүл­де жоқ болып кетпей, басқа да ведомстволармен, оның ішінде әлеуметтік қорғау мекемелерімен ынтымақтастықта болады. Бұл рецидивті қылмыстық оқиғалар­дың азаюына да оң ықпал ететін болады», – дейді адам құқықтары және туберкулезбен күрес «Луч Надежды» қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская.  Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік жылдарында елімізде сегіз мәрте амнистия жариялан­ған. Ең соңғысы 2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тә­уел­сіздігінің 20 жылдығына орай өткізілді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы