«Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтінемін. Маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармай, халық жиналатын іс-шара ұйымдастырмаңыздар», – деді Сархат Бейсенова.
Астанада қаңтар айымен салыстырғанда коронавирустың таралу көрсеткіші 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 дерек тіркеледі. Көбінесе 30-39 жастағы адамдар ауырып жатыр. Бірақ бүгін Қазақстанда коронавируспен қатар пневмониямен ауырғандардың да саны көбейді.Наурыз айында Қазақстан халқы неше күн демалатынын хабарлаған болатынбыз.