Семейде жер үй өртеніп, екі адам қайтыс болды
Семейде жер үй өртеніп, екі адам қайтыс болды
91
оқылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 05:00-дер шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй өртенген.

Өрт сөндірушілер үйдің ішінен 2 газ баллонын алып шықты.

Жалын 180 шаршы метрді шарпыған. Бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.