АҚШ-тағы Колумбия университетінің ғалымдары озон қабатын қиратушылар (ОҚҚ) экологиялық апатқа себеп болып отырғанын анықтады. Зерттеушілердің айтуынша бұл ретте адамдардың өмір сүру дағдысы басты рөл атқарады.
EurekAlert хабарлағандай, көбіне хладагент, еріткіш және аэрозоль ретінде пайдаланатын озон қабатын қиратушы (ОҚҚ) 1995-2005 жылдар аралығында Антарктидадағы мұздың еруіне себеп болған. Олар мұз айдындарына көмір қышқыл газының әсерін күшейткен. Алайда олардың өндірісі тоқтағаннан кейін мұз айдындарының еру процесі төмендей бастаған.
Зерттеушілердің айтуынша, ОҚҚ ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жасап шығарыла бастаған. ХХ ғасырдың соңына қарай атмосферадағы үлесі шамадан тыс артып кеткен және соңғы 50 жылда атмосфераға әсері айтарлықтай болып келген.