LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
102
оқылды

ОКҚ-да өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрлан Ұранхаев LRT құрылысының екінші кезеңі қажетті бекіту рәсімдерінен өтуі керек екенін айтты, – деп жазады zakon.kz.

«LRT-ге келетін болсақ, қазіргі кезде Сәулет және қала құрылысы бөлімі тапсырыс беруші болып табылады. LRT екінші кезеңінің – техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭО) дайындалуда. Егер мемлекеттік сараптама ол негіздемені қабылдаса, біз оны саламыз», – деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, техникалық-экономикалық негіздеме 45 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Айта кетейік, 2019 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасын сынға алды. Сәуір айында құрылыс қытайлық инвесторлардың қаржыландырудағы қиындықтарына байланысты тоқтатылған болатын.

Тергеу кезінде миллиондаған долларлық ұрлық анықталды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың бірі – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екені анықталды. Қазір ол халықаралық іздеуде.