Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл
Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл
132
оқылды
Мерейтойға республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр. Жас ұрпақты тәрбиелеуде жыр алыбы Жамбылдың өнегесін дәріптеу, насихаттау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Осы ретте таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің «әлемдік экономика» тобы, 2-курс студенттерімен «Менің пірім -  Сүйінбай» тақырынбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Жиында ақынның өнегелі жырлары әспеттеліп, өмір жолы жайында жастарға кеңінен мағұлмат берілді. Өз кезегінде, топ студенттері ел болашағы және тіл болашағын жан-жақты зерделеп, қорытынды жасады. Жамбыл атамыз әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті, Смагулова Әйгерім