Жамбылда педагогтарды вакцинациялау басталады

Жамбылда педагогтарды вакцинациялау басталады

Ертең  4 наурыз күні Тараз қалалық емханаларында жалпы білім беретін орта мектептердің педагогтарына  коронавирус инфекциясына  қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, екпе егу жұмыстары  №5 қалалық  және  «ZHANUYA» емханаларында жүргізілмек. Әзірге қанша мұғалімге вакцина салынатындығы белгісіз. Сондай-ақ қанша көлемде екпе өңірге жеткізілгені және білім саласына жауапты басшылардың қайсысы өзгелерге  үлгі болып бірінші вакцина салдыратындығы құпия сақталып отыр. Естеріңізге сала кетсек, бұған медицина мамандарына 1000 дана вакцина қолданылған болатын. Енді міне екінші кезең басталып, ұстаздар қауымы қамтылуда.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы