Атышулы "Борат" Қазақстанға келуге дайын екенін айтты
Атышулы "Борат" Қазақстанға келуге дайын екенін айтты
5,099
оқылды

Британдық актер, Бораттың рөлін сомдаған Саша Барон Коэн шақырту алса, Қазақстанға келуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты.

Оның «Борат 2» фильмі жылдың үздік комедиясы ретінде «Золотой глобус» америкалық сыйлығын жеңіп алған болатын. Фильмнің таныстырылымы 2020 жылы қарашада өтті. Сатириктің айтуынша, қазақстандықтар оның фильмін әзілмен қабылдаған.
«Маған Қазақстанда тұратын қазақтар әзіл-қалжыңды жақсы түсінеді және Боратты қуанышпен қабылдады деп айтты», – деп жауап берді  ол  «Известия» басылымына.

"Қазақстанға бару жоспарыңызда бар ма?" деген сауалға Саша Барон Коэн "Егер шақырса, қуана-қуана барамын" деп жауап берді.

Бұған дейін британдық актер Саша Барон Коэн фильміне Қазақстанды неге таңдап алғанын айтқан болатын.