Әйелдер өміріне риза
Әйелдер өміріне риза
Денсаулық жағдайына (96,6%) және достық қарым-қатынасқа берікпін деп санайтындардың үлесі – 96,7%. Ең негізгі көрсеткіштердің бірі тұрмыстық деңгейіне қазақстандық қыз-келіншектердің 92,4%-ы қанағаттанады екен. Десек те, 15-19 жастағы жас қыздардың табыс көлемі тек 4,6% ғана.  Ал 20-24 жастағы әйелдердің 40,5%-ның табысы бар.

Өмірге қанағаттану тұрмыс деңгейіне байланысты емес

Белгілі болғандай, 2019 жылғы жүргізілген сауалнама бойынша жағдайы күн-көріс деңгейінен төмен үй шаруасындағы әйелдердің 96%, ал  тұрмыстық деңгейі жоғары үй шаруасындағы әйелдердің 97,8%-ы өз өмірлеріне риза екен. Оның ішінде 15-24 жастағы әйелдердің 98,5%-ы өздерін өте бақытты немесе салыстырмалы түрде бақытты сезінеді. Одан бөлек «соңғы жылы өмірім жақсарды» деп есептейтін және «бір жылдан кейін бұдан да жақсарады» деген пікірдегі 15-24 жастағы әйелдердің үлесі  64,9 %-ды құрайды.

Әйелдердің туу көрсеткіші қандай?

Қазақстанда 15-49 жастағы әйелдер арасында туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 21 тууды құрады. Қалада және ауылда тұратын әйелдердің жас шамасына қарай туу коэффициентінде айырмашылықтар бар. Яғни, 20-24 жастағы ауыл әйелдерінің туу көрсеткіші қалалықтармен салыстырғанда 2 есе жоғары екен. Қыз-келіншектер арасында контрацепцияның ең танымал әдісі жатыр ішілік спираль  салдыру. Оны әрбір үшінші тұрмыстағы әйел қолданады (31,9%). 15-19 жастағы жасөспірімдер бұл әдісті сирек қолданатыны анықталып отыр. Қазақстанда жүкті әйелдердің 95,3%-ы ең аз дегенде төрт рет дәрігерге қаралады екен. Тағы бір қызық дерек, жасы 20 шамасындағы жүкті болған қыз-келіншектердің 82,9%-ы ғана дәрігердің бақылауында болған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 20-34 жастағы әйелдердің 91,1% босанғанға дейінгі бақылау үшін дәрігердің қабылдауында болған.

Босану кезінде қайтыс болу көрсеткіші жоғары

Еліміздегі әрбір ана өлімінің үшеуі босану кезінде тіркеледі. Қазақстанда босанудың 90%-дан астамын жоғары білікті дәрігерлер қабылдаған, ал босанудың 9,1%-ын  орта медицина қызметкері саналатын медбикелер мен акушерлер қабылдаған.  width= 2019 жылы жалпы босандырудың 14,8%-ы кесарь тілігінің көмегімен болған. Оның ішінде кесарь тілігі арқылы босанушылардың 9,6%-ы толғақ басталғанға дейін келісімін берген.

Әрбір бесінші әйел жасанды түсік жасатқан

Қазақстанда 15-49 жастағы әрбір бесінші әйел (20,1%) кем дегенде бір инцукцияланған түсік жасатқан. 2-3 рет немесе 4 және одан көп түсік жасатудың ең жоғары пайызы 40-44 жастағы және 45-49 жастағы әйелдерде байқалады.

Аймақтағы қыздар ерте тұрмысқа шығады

Қазақстанда әйелдер мен ер кісілер үшін некелік қатынасқа түсетін ресми жас −18. «Рухани жаңғыру» институты жүргізген зерттеу бойынша, 2019 жылы 984 қыз кәмелеттік жасқа толмай неке қиған. Ал 18-ге толмай отбасы құруға асыққан бозбала саны – 70. Ұлттық статистика бюросы 15-49 жастағы әйелдер арасындағы 15 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 0,1%, ал 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 7,8% екенін мәлімдейді. 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұру қалалық жерге қарағанда, ауылдық жерде тұратын әйелдер арасында көбірек кездеседі.

Зорлық-зомбылыққа әйелдердің көзқарасы қандай?

 width= Қазақстанда әйелдердің 14,2%-ы егер әйел балаларға қамқорлық көрсетпесе (10,8%) немесе күйеуіне айтпай үйден шығып кетсе (4,1%) немесе оған қарсылық көрсетсе (5,4%), әйелдердің аз бөлігі күйеуіне жыныстық қатынастан бас тартқан (1,5%) жағдайда немесе тамағы күйіп кеткен кезде (0,7%) қол көтеруі дұрыс деп есептейді екен. Елімізде 25-29 жастағы әйелдердің 17%-ы өз күйеулерінің қол жұмсағанын ақтайды. Оның ішінде ауылдық жерде тұратындар (20,6%), некедегі әйелдер (17,7%), негізгі орта білімі бар әйелдер (23,7%), тұрмыс жағдайы нашар әйелдер (24,3%) еркектің қол көтеруіне түсіністік танытады екен.

Қыз-келіншектер теледидар көп көреді

 width= Қазақстандағы 15-49 жастағы әйелдердің жартысы дерлік немесе 49%-ы аптасына бір рет газет немесе журнал оқиды, шамамен әрбір төртінші әйел немесе 26,5%-ы радио тыңдайды. Бәрінен теледидар көретіндердің саны басым – 96%. Қалған әйелдердің 2,3%-ы ешқандай БАҚ-қа қызығушылық танытпайды. Ауылдық жерге қарағанда, қалалық әйелдер БАҚ-тың барлық үш түрін жиі қолданады. Сонымен қатар, жоғары білімі бар әйелдер негізгі орта білімі бар әйелдерге қарағанда, БАҚ-тың барлық үш түрін үш есе жиі пайдаланады. Ал өте бай үй шаруасындағы әйелдер өте кедей үй шаруасындағы әйелдерге қарағанда БАҚ-тан 3 есе жиі ақпарат алады. Ал интернет пайдаланатындардың ішінде 15-19 жастағы әйелдердің үлесі басым.

Қаладағы темекі тартатын қыз-келіншектердің саны екі есе жоғары

Қазақстан Республика бойынша 15-49 жастағы әйелдердің 26,9%-ы өмірлерінің бір кезеңінде темекі тартып көрген. Қалада тұратын қыз-келіншектердің темекі бұйымдарын қолдануы ауылдағы әйелдерге қарағанда екі есе жоғары. Еліміздегі әйелдердің 73%-ы ешқашан темекі шекпегенін айтады.