Денсаулық жағдайына (96,6%) және достық қарым-қатынасқа берікпін деп санайтындардың үлесі – 96,7%. Ең негізгі көрсеткіштердің бірі тұрмыстық деңгейіне қазақстандық қыз-келіншектердің 92,4%-ы қанағаттанады екен. Десек те, 15-19 жастағы жас қыздардың табыс көлемі тек 4,6% ғана. Ал 20-24 жастағы әйелдердің 40,5%-ның табысы бар.
Өмірге қанағаттану тұрмыс деңгейіне байланысты емес
Белгілі болғандай, 2019 жылғы жүргізілген сауалнама бойынша жағдайы күн-көріс деңгейінен төмен үй шаруасындағы әйелдердің 96%, ал тұрмыстық деңгейі жоғары үй шаруасындағы әйелдердің 97,8%-ы өз өмірлеріне риза екен. Оның ішінде 15-24 жастағы әйелдердің 98,5%-ы өздерін өте бақытты немесе салыстырмалы түрде бақытты сезінеді. Одан бөлек «соңғы жылы өмірім жақсарды» деп есептейтін және «бір жылдан кейін бұдан да жақсарады» деген пікірдегі 15-24 жастағы әйелдердің үлесі 64,9 %-ды құрайды.Әйелдердің туу көрсеткіші қандай?
Қазақстанда 15-49 жастағы әйелдер арасында туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 21 тууды құрады. Қалада және ауылда тұратын әйелдердің жас шамасына қарай туу коэффициентінде айырмашылықтар бар. Яғни, 20-24 жастағы ауыл әйелдерінің туу көрсеткіші қалалықтармен салыстырғанда 2 есе жоғары екен. Қыз-келіншектер арасында контрацепцияның ең танымал әдісі жатыр ішілік спираль салдыру. Оны әрбір үшінші тұрмыстағы әйел қолданады (31,9%). 15-19 жастағы жасөспірімдер бұл әдісті сирек қолданатыны анықталып отыр. Қазақстанда жүкті әйелдердің 95,3%-ы ең аз дегенде төрт рет дәрігерге қаралады екен. Тағы бір қызық дерек, жасы 20 шамасындағы жүкті болған қыз-келіншектердің 82,9%-ы ғана дәрігердің бақылауында болған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 20-34 жастағы әйелдердің 91,1% босанғанға дейінгі бақылау үшін дәрігердің қабылдауында болған.Босану кезінде қайтыс болу көрсеткіші жоғары
Еліміздегі әрбір ана өлімінің үшеуі босану кезінде тіркеледі. Қазақстанда босанудың 90%-дан астамын жоғары білікті дәрігерлер қабылдаған, ал босанудың 9,1%-ын орта медицина қызметкері саналатын медбикелер мен акушерлер қабылдаған.Әрбір бесінші әйел жасанды түсік жасатқан
Қазақстанда 15-49 жастағы әрбір бесінші әйел (20,1%) кем дегенде бір инцукцияланған түсік жасатқан. 2-3 рет немесе 4 және одан көп түсік жасатудың ең жоғары пайызы 40-44 жастағы және 45-49 жастағы әйелдерде байқалады.Аймақтағы қыздар ерте тұрмысқа шығады
Қазақстанда әйелдер мен ер кісілер үшін некелік қатынасқа түсетін ресми жас −18. «Рухани жаңғыру» институты жүргізген зерттеу бойынша, 2019 жылы 984 қыз кәмелеттік жасқа толмай неке қиған. Ал 18-ге толмай отбасы құруға асыққан бозбала саны – 70. Ұлттық статистика бюросы 15-49 жастағы әйелдер арасындағы 15 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 0,1%, ал 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұрғандар 7,8% екенін мәлімдейді. 20-49 жастағы әйелдер арасындағы 18 жасқа толғанға дейін некеге тұру қалалық жерге қарағанда, ауылдық жерде тұратын әйелдер арасында көбірек кездеседі.Зорлық-зомбылыққа әйелдердің көзқарасы қандай?
Қыз-келіншектер теледидар көп көреді
Қаладағы темекі тартатын қыз-келіншектердің саны екі есе жоғары