Қазақстанда 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Қазақстанда 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Биыл 6 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезеңде ресейлік «Спутник V» екпесі сатып алынды. Қысқа мерзімде Қарағанды фармацевтика кешені базасында «Спутник–V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылды. Отандық тауар өндірушінің жеткізілімдері кестеге сәйкес жүргізілді», – деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол биыл сәуір айында «QazCovid-in» отандық өндіріс вакцинасын пайдалану жоспарланғанын атап өтті.
«Осы арқылы 2021 жылы 6 млн адамға екпе салдыруды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологиялар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылып келеді», – деді Марат Шоранов.