«Қазақмыс» басшылығына шабуыл жасалды – кісі өлімі бар
«Қазақмыс» басшылығына шабуыл жасалды – кісі өлімі бар

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры мен кәсіпорынды дамыту жөніндегі директорына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шықты. Олар кеңседе пышақ жарақатын алған, – деп хабарлайды zakon.kz «Бүкіл Қарағанды» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Төтенше оқиға бүгін сағат 17.50 шамасында Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының ғимаратында болды.

Кәсіпорынның бас директоры Амангелді Минигулов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал туған. Нәтижесінде Тәжбенов кабинеттен шығып, бес минуттан кейін мылтықпен оралып, оқ атқан, бірақ ешкімге тимеген.

Содан кейін одақ жетекшісі пышақ алып, Минигуловқа жүгірген. Кеңседе болған даму жөніндегі директор Сабыржан Тембаев та пышақ жарақатын алған. Екі директор ауруханаға жеткізілді.

Тәжбенов қақтығыс болған жерде өзіне қол салған.

Жезқазған полициясы бас директорға шабуыл жасау әрекеті туралы ақпаратты растады, – деп жазады BaigeNews.kz.

«Куәгерлердің айтуынша, кәсіпродақ басшысы сол жақ кеуде қуысына пышақ жарақатын салып, оқиға орнында көз жұмды. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


https://youtu.be/whT5QL5FqOw