Қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейдің отбасына пәтер берілді
Қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейдің отбасына пәтер берілді
100
оқылды

Қостанай облысында жұмыс барысында мерт болған тәртіп сақшысы Дархан Базарбаевты ақтық сапарға шығарып салды, – деп жазады «Қазақпарат».

Оны Қостанай облысы Әулиекөл ауданына жерледі.

Дереккөздің жазуынша, қаралы жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, генерал-майор Өмірзақ Болсамбеков және облыс басшылығы келді.

«Өкінішке қарай, тәуелсіздік алған жылдардан бері қызметтік борышын атқару барысында 791 полиция қызметкері мерт болды. Дарханның мезгілсіз қазасы – сіздердің ғана емес, күллі елдің ортақ қайғысы. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта марқұмның отбасына қолдау көрсететін болады. Бейбіт өмір күзетінде нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен Дархан Базарбаевтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі қалады», – деді министрдің орынбасары.

Қаралы жиыннан соң борышын атқару кезінде қаза болған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мемлекеттік марапатты батырдың отбасына тапсырды.

Сондай-ақ, Дархан Базарбаевтың отбасына Қостанай қаласынан пәтер берілді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

«Батырымыздың отбасына Қостанай қаласынан бір бөлмелі пәтер беріледі. Бұдан басқа да қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Жергілікті ақтарушы билік бұл жайтты назарға алады. Оның қазасы – Қазақ елінің қайғысы», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызмет атқару кезінде мерт болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады.