«Астана Аренаны» төрт ай қайта жөндейді
«Астана Аренаны» төрт ай қайта жөндейді

«Астана Арена» стадионы 120 күнге қайта жөндеу жұмыстарына жабылады, – деп хабарлайды Prosports.kz .

Стадионның жасанды төсеніші толықтай ауыстырылады деп жоспарланған.

«Астана Арена» жылда маусымның шымылдығын ашатын Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдайтын.

Бірақ жөндеу жұмыстарына байланысты биыл күтпеген жерден аталмыш ойын Қостанайдағы жабық алаңға ауыстырылды.