Тыйым салынған темекі мектеп жанындағы дүкендерде сатылып жатыр
Тыйым салынған темекі мектеп жанындағы дүкендерде сатылып жатыр
131
оқылды

Елордада снюсті саудалайтын дүкендер емін-еркін жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Былтыр желтоқсан айынан бері елімізде оны сатуға уақытша тыйым салынған болатын.

Бірақ саудагерлер шектеулерге мән бермейді.

Дереккөздің хабарлауынша, «снюс сатылады» деген жарнама интернет бетінде толып жүр. Ғаламтордан мекенжайын табу да оңай. Сөреде снюстің сан түрі самсап тұр.

Сатушы снюсқа сұраныстың көп екенін айтады.

Мамандардың айтуынша, бір қалташа снюста үш қорап темекінің никотині бар. Соған қарамастан, снюсті мектептің жанындағы дүкендерде сатылып жатыр.

Снюс Қазақстанға Үндістан, Ресейден әкелінеді.

Ресей снюсты таратуға шектеу қойса да, өндірісіне рұқсат берген. Ал Қазақстан мен Беларусь тыйым салған.