Қаржы пирамидасы тұрғындардың 70 миллион теңгесін алып қойған
Қаржы пирамидасы тұрғындардың 70 миллион теңгесін алып қойған
111
оқылды
Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 70 миллионға алданып қалды. Ақмолалық полицейлер Интернет көмегімен ақша пирамидасын ұйымдастырған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды  Polisia.kz. Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сот алды тергеу жүргізді.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады", – деді полиция өкілдері.