Алматыда 4 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші: Президент тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Алматыда 4 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші: Президент тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі»,– деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кеткен. Жарақат алған үш оқушы ауруханада жатыр. Екі оқушының жағдайы өте ауыр.