Ақылы ҰБТ тапсырып жатқан қызын уайымдаған ана кенеттен көз жұмды
Ақылы ҰБТ тапсырып жатқан қызын уайымдаған ана кенеттен көз жұмды
105
оқылды

Куәгерлердің айтуынша, 56 жастағы әйел ҰБТ тапсырып жатқан қызын уайымдап, денсаулығы кенеттен нашарлап кеткен.

18 қаңтар күні Атырау облысы Құлсары қаласындағы №18 мектепте өтіп жатқан ақылы ҰБТ кезінде оқушылардың бірінің анасы көз жұмды, – деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

Дереккөздің жазуынша, әйелдің денсаулығы нашарлаған кезде жедел жәрдем уақтылы келген. 

Аудандық жедел жәрдем қызметінің меңгерушісі Ғалия Қалиева: «Жедел жәрдемге шақырту 13.50-де келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер әйелді құтқара алмады. Өлім себебі анықталып жатыр», – дейді. 

Осы оқиғадан соң Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіровтің айтуынша, ақылы ҰБТ екі күн өткізілген. Оқушыларға ешқандай қысым көрсетілмеген.