Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Ұлы Абай мерейтойы басталды

Айхан ШӘРІП
Қаңтар 22, 2020
Саясат
187
қаралым

Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасының атына Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшыларынан құттықтау хаттар келіп түсті

Парламентке өту межесі

Адамзаттың кемеңгері атан­ған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жыл­ды­ғы­ның салтанатты ашылу рә­сімі кеше елордадағы «Астана Опера» театрында өтті. Іс-шараға қа­тысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде және елі­міздің барлық өңірінде жыл бойы ұйым­дастырылатын мере­келік ша­раларды ресми түрде бастап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ халқы – Абай­дың халқы» атты Қазақстан өнер ше­берлерінің мерекелік кон­цертін тама­шалады. Концерт бағ­дар­лама­сына Абайдың барлық музы­калық мұрасы енді.

Абай 175 президент.jpg
©akorda.kz

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Мәдениет және спорт министрі Ақ­тоты Райымқұлова Абай мерейтойы шеңберінде қандай шаралар қолға алынатынын баяндады. Шын мә­нін­де, кемеңгер тұлғамыздың мол мұрасы тек қазақ үшін ғана емес, бү­­кіл адам баласы үшін аса құнды әрі та­ғылымды дүние. Сондықтан Абай­дың өнегелі өсиетін дәріптеу – кейінгі ұрпақтың қасиетті пары­зы. Бұл мәселеге Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаев жа­қында жарық көрген «Абай және ХХІ ға­сырдағы Қазақстан» атты мақа­ла­сын­да жан-жақты тоқталды.

«Қазіргі кезде еліміз алдында биік мақсаттар тұр. Мемлекетімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік са­ла­дағы жаңғыруы жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда, Абайдың ой-толғамдары бізге нақты бағыт-бағ­дар береді. Оның асыл сөздерінен артық құндылық жоқ. Елбасымыз айтқандай, Абай армандары – тек бір ғана ұлт емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Ендеше ұлы ойшылдың ілімін терең зерделеп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде пайдалануымыз керек», – деді министр.

А.Райымқұлова Президенттің халық тілегін тыңдайтын мемлекет тұжырымдамасы Абай ұлағатымен астасып жатқанына екпін түсірді.

– Ұлы ойшыл бірлігі жарасқан ел болу идеясының жақтаушысы бола білді. Ол ұлтымызды ортақ мақ­сатқа ұйыстырып, әділетті қоғам құру идеясын алға тартты. Бүгінгі «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр. Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады. Ол елдің үнемі алға жыл­жуына, өсіп-өркендеуіне шын ние­тімен тілеулес болды, халықты жаңа өмірге бейім болуға шақырды. Хакім Абайдың тіл үйренуді және жаңа кәсіп игеруді ерекше дәріптегенін жақсы білеміз, – дей келе, Мәдениет және спорт министрі ұлы ғұламаның мұрасы және өнегелі өмірі ұрпақ тәр­биесінде әрдайым лайықты орын алуға тиісін жеткізді.

Ведомство басшысы Абайдың 175 жыл­дығын атап өту үшін кешенді жос­пар дайындалғанын еске салды. Халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

Басты жиынның бірі – тамыз айында Семей қаласында өтетін ғылыми-практикалық конфе­рен­ция. Сондай-ақ қазанда Нұр-Сұл­тан қаласында ауқымды ха­лықаралық конференция болады. Министр бұл жиындарда Абай­дың тұлғасы мен мұрасы жан-жақ­ты зерделеніп, одан ары ай­шық­тала түсеріне сенім білдірді.

Ақынның өлеңдері мен қара сөздері 10 шет тіліне аударылады. Бұл ретте министрлікке аударма ісінің сапалы орындалуына ба­сымдық беру жүктелді. Әйтпесе, көзбояу үшін жасалған жинақ шетелдік оқырманның күлкі-ке­кесінін туғызып, елді абырой­сыз­дыққа ұшыратпақ.

– Сонымен қатар Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жос­парланып отыр. Мерейтой ая­сында шетел­дерде бірқатар ма­ңызды шаралар өтеді. Қазақ­станның елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» ашылады. Бұл – әлемге ақынның еңбектері мен ұлттық құндылы­ғымызды қатар таныту деген сөз. Ақынның ғибратты ғұмыры хал­қымыздың төл өнері айтыс арқы­лы да ке­ңінен насихатталады, – деді А.Райымқұлова.

Бұдан бөлек, Абайдың қастер­лі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандыру шаралары қолға алы­нады. Сол арқылы ұлы ақын­ның рухына тағзым етіп келетін жұртшылыққа лайықты жағдай жасалмақ. Бұл өңірде мәдени туризмнің дамуына да тың серпін беруі мүмкін.

«Мерейтойға байланысты бұдан басқа да көптеген мәдени іс-шара қолға алынады. Прези­дент «ең басты мақсат – той той­лау емес, ой толғау екеніне» зор мән беріп отыр. Іс-шараларды өт­кізу кезінде ысырапшылдық, асығыстық пен науқаншылдыққа жол берілмейді. Кейбір жобалар биылғы жылмен шектелмейді, алдағы уақытта жалғасын табады. Жалпы, біз Абайдың мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын өте маңызды шара ретінде мән береміз» деп уәде етті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Салтанатты шараға Абай ұр­пағы – оның жиеншары Ләйлә Баймағамбетова қатысты. Біз оны әңгімеге тарттық.

– Бұл – біз үшін тарихи оқиға. Абай атамыздың жылы бас­талды деп білемін. «Өлмей­тұғын артына сөз қалдырған» ұлы Абай мұрасы тек қазақтың ғана емес, барша әлемнің баға жетпес құндылығы, қазынасы. Біз Абай Құнанбайұ­лы­ның тұңғыш баласы Ақылбай­дан тараған ұрпақпыз. Ақыл­бай­дан Әлімқұл, Әлімқұлдан – менің анам Қауаш туады. Шешем 1910 жылы туып, 1988 жылы дүние салды. Біз соның қыздарымыз. Абай атамыздың ер кіндікті ұр­пағына тоқталсақ, анамның Бағ­фур деген бауырынан Айдар деген ұл қалды, одан Данияр туды. Оның үш қызы бар. Ендеше ер кіндігі сол Даниярмен тоқтап тұр. Айдар – Абайдың шөпшегі болса, Данияр – неменесі. Қазақ халқы бастан кешкен зұлмат салдарынан ұлы ойшылдың бас­қа балала­ры­нан ұрпақ қалмады. Хакімнің ұр­пағы болу бізге үл­кен жауап­кер­шілік жүктейді. Ата өсиетімен бәріміз білімге ұмтылып, жоғары білім алдық. Еңбексүйгішпіз. Ба­лаларым да, немерелерім де Абай өлеңдерін жатқа айтады, – дейді Ләйлә Мұхлесқызы.

 
Тегтер: 175 жылАбай мерейтойыҚасым-Жомарт Тоқаевмерекелік шараНұрсұлтан Назарбаев
Алдыңғы жаңалық

Көлік үшін Арменияда тұруға ықтиярхат алғандар да машинасын Қазақстанда тіркей алмайды – вице-министр

Келесі жаңалық

Қытайда жаппай тараған ауру АҚШ-қа жетті

Ұқсас жаңалықтар

Әсет Тұрысов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Қазпошта
Жаңалықтар

Тұрысов жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 19, 2021
Әсет Ерғалиев, Ұлттық экономика министрі
Жаңалықтар

Сіз кімсіз, Әсет Ерғалиев мырза?

Қаңтар 19, 2021
Анар Жайылғанова, Президент, мемлекеттік қызмет
Жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Қаңтар 19, 2021
вакцина, Асқар Мамин, Президент
Жаңалықтар

Президентке Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі туралы айтты  

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Қаңтар 20, 14:42

Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Қаңтар 20, 14:29

Қазақстан азаматтары бір жылда қанша алтын құйма сатып алды?

Қаңтар 20, 13:48

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Қаңтар 20, 13:28

Заңсыз ойынхана ұйымдастырғаны үшін 4 жыл арқалады

Қаңтар 20, 13:20

Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды

Қаңтар 20, 13:01

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 20, 12:46
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстанда -38 градус аяз болады

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Қаңтар 20, 2021
Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»