Теңіз жағалауынан жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
Теңіз жағалауынан жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
109
оқылды
Бірнеше күн бұрын Ақтау қаласында 2002 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы ақпарат тараған, – деп хабарлайды инАктау порталы. Ақпараттық парақшаларда бойжеткен 23 ақпан күні кешкі уақытта 11-шағын аудандағы үйден шығып, таксимен теңіз жағалауына қарай бет алғаны айтылады. Содан кейін ол байланысқа шықпаған. "Теңіз жағалауынан оның жеке заттары: курткасы мен жейдесі және ұялы телефоны табылды", – делінген хабарламада. 25 ақпан күні қыздың анасы полицияға хабарласып, көмек сұраған. Сол күні полицейлер 4 "А" ықшамаудандағы жартас маңынан қыздың мәйітін тапты. Оның денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.