Қытайда жаппай тараған ауру АҚШ-қа жетті
Қытайда жаппай тараған ауру АҚШ-қа жетті

Қытайдағы коронавирус АҚШ-қа жетті, – деп жазады Washington Post-қа сілтеме жасаған «РИА Новости».

Дереккөздің жазуынша, Вашингтон штатының тұрғыны коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. 

Washington Post мәліметіне сүйенсек, ол Қытайға барып келген.

Ол кезде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері АҚШ-тың ірі әуежайларында медициналық тексеру жұмыстарын бастамаған.

Өткен жұмада АҚШ билігі әуежайда Қытайдан келген жолаушыларды тексеретінін хабарлады.

Бұдан бұрын вирустың Жапонияға жеткені айтылған болатын. Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдыққан.

Айта кетейік, коронавирус – 30-дан аса вирустан тұратын ауру. Адамзат тарихында алғаш рет 1965 жылы анықталған.