Қытайдағы тәж вирусы және 72 сағат
Қытайдағы тәж вирусы және 72 сағат
89
оқылды

Көрші елде тараған тәж ви­русы күннен-күнге өршіп барады. Бүгін Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйы­мы Женевада шұғыл жиын өткізбек. Қауіпті ін­дет жап­сарлас жатқан Жа­по­ния, Оңтүстік Корея мен Тай­ландқа еніп үлгеріпті. Көр­ші елмен екі ортада алыс-беріс, барыс-ке­ліс бар, Қа­зақстан азаматтары­на да ауру жұғуы мүмкін бе?

2002 жылы Қытайда тәж вирусының осыған ұқсас бір тү­рінен 700-ден астам адам өліпті. Мынаның да беталысы жаман сыңайлы. Қазірдің өзінде Уханьда 218 адам, Бейжіңде бес адам, Шанхайда бір адам, Гуандун провинциясында 14 адам ауру жұқтырған. Оның 14-і – дәрігерлер. Төрт адам көз жұмған. Ал ағылшын сарапшылары бұл көрсеткіш ресми мәліметтегіден әлдеқайда көп деп санайды. The New York Times басылымы да кей дереккөзге сілтеме жасап, «Қытай үкіметінің анық ақпаратты әдейі жасырып қалуы ғажап емес» деп жазған.

Пневмония сияқты дертке шалдықтыратын тәж вирусының (2019-nCoV) қайдан шыққаны белгісіз. Мамандардың пікірінше, оны теңіз сүтқоректілері тасы­малдауы мүмкін. Мысалы, Ухань қаласындағы көтерме базарда ақ делфинге сұраныс жоғары екен. Сондай-ақ сауда орталығында тауық, жарқанат, қоян мен жы­лан сатылады. Олардан да инфек­цияның көзі ізделіп жатыр.

Қытай ғалымдары тәж виру­сының адамнан адамға ауа-тамшы жолымен жұғатынын ресми мәлімдеді. Яғни, бұл індеттің жап­пай жайылуына ықпал етуі ықтимал. Бүгін Женевада Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар ко­митетінің шұғыл жиналысы өтеді. Бұл отырыста аурудың ауқымы әлем­дік деңгейде дабыл қа­ғуға тати ма, жоқ па деген мәселе талқы­ланады.

Айтпақшы, 25 қаңтарда Қы­тай­дың жаңа жылы басталады. Осы мерекеге байланысты мил­лион­даған адам дүниежүзіне саяхаттап, вирустың таралуына се­бепші болады деген қауіп бар. 18 қаңтардан бері АҚШ-тың Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Нью-Йорк әуежайлары Қытайдан келетін әуе рейстерінің жолаушыларын тексеруге кірісті. Гонконг, Тайвань, Сингапурда қауіпсіздік мақсатында эпиде­миологиялық бақылау күшейтіл­ді. Қазақстан билігі де қатерлі инфекция шекарадан өтпеуі үшін шама-шарқынша бәрін жасап жатыр. Әуежайларда, те­міржол вокзалдары мен көлік құ­рал­дарының кіру пункттерінде санитарлық қызметтер жұмыс істейді. Егер жолаушыдан ауру­дың нышандары анықталса, экипаж не істеу керегін біледі.


Қазақстан билігі де қатерлі инфекция шекарадан өтпеуі үшін шама-шарқынша бәрін жасап жатыр. Әуежайларда, те­міржол вокзалдары мен көлік құ­рал­дарының кіру пункттерінде санитарлық қызметтер жұмыс істейді. Егер жолаушыдан ауру­дың нышандары анықталса, экипаж не істеу керегін біледі.


Біздің дәрігерлер де босқа қарап отырған жоқ. Елімізде екі зертхана ашылып, тәж вирусының құрылымы анықталған. Жұмбақ инфекцияны жазбай танитын тест-жүйе әзірлене бастады. Оны іске қосуға бір жарым айдай уа­қыт қажет екен.

– Халықаралық әуежай тәрізді шекарадан өту орындарында ба­қылауды қатайттық. Ол жерлер­де қашықтан термометрия жа­сап жатырмыз. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам жолаушы қа­рал­ды. Экипаж мүшелері де тер­мометриямен тексеріледі. ҚХР-дан келгендердің арасында дене қызуы жоғары және ауру белгілері барлар байқалған жоқ, – дейді Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин.

Қазір Қазақстанда Ухань қаласына тікелей әуе рейстері жоқ. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қытайдың Бейжің, Санья, Хай­коу, Сиань және Үрімжі қа­лаларына ұшуға болады. Бұл рейс­тер түгел Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Әрине, Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим ен­гізіп, ел есігін айқара ашып қой­ғанымызды ескерсек, алаңдауға толық негіз бар.

Дәрігерлер Қытайдың Ху­бей провинциясы мен Ухань қала­сына сапарлаудан бас тар­туға кеңес береді. Ал Қытайда жүрген азаматтар халық көп шо­ғырланатын жерлерге жолама­ғаны жөн.

– Базарларға, жабайы және үй жануарлары ұсталатын орын­дарға бармаңыздар. Сондай-ақ қолыңызды жиі жуып, суық тию белгілері бар адамдармен қа­рым-қатынасқа түспеңіз, – дейді Бекшин.

Амал қанша, тәж вирусына қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Бірақ біздің медициналық ұйымдар инфекцияны симп­то­матикалық әдіспен емдеуге дайын.

Сөз соңында дәрігерлер ұсын­ған пайдалы кеңестерді кел­тіре кетейік.

Тәж вирусының белгілері:

- дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі;

- терінің бозаруы;

- жөтелгенде мол қақырық бөлініп, кеуденің ауыруы;

- тершеңдік;

- әлсіздік пен дел-салдық.

Тәж вирусынан қорғануға көмектесетін қарапайым тә­сілдер:

- жиі-жиі қол жуу;

- ет пен жұмыртқаны әбден пі­сіріп жеу;

- үйді үнемі желдету және таза ұстау;

- түшкірген, жөтелген адам­дардан аулақ жүру.


Еркебұлан.JPG   Еркебұлан НҰРЕКЕШ