Оңтүстікте жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.
Қостанай облысында жел екпіні 23 м/с-ке артады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ақмола, Павлодар облысында жел екпіні 23 м/с-ке күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында желдің күші 23 м/с-ке артады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді, күндіз көктайғақ болады. Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.