Министр өз бақылауына алмақ
Министр өз бақылауына алмақ

Индустрия және ин­фра­­құ­ры­лымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Nur Otan партиясының респуб­лика­лық қоғамдық қа­был­да­уын­да көмек сұрап келген аза­­маттарды жеке қабыл­дады.

Министр елорда тұрғын­дары­мен қоса, Алматы, Түр­кістан, Шығыс Қазақстан об­­­­­лысы тұр­ғындарымен бей­­­не­­бай­ланыс ар­қылы тіл­­­де­­сіп, көкейде жүрген мәсе­­­ле­­лері­мен танысып, сұрақ­­­та­ры­на жауап берді. Көмек сұ­рап келген жанның бірі – Түр­­кістан облысы Төле би ау­­даны Жаңатұрмыс ауы­лы­­ның тұрғыны Мейірхан Қам­батыров. Ақсақал ауыл тұрғын­дарының көп жылдан бері жол азабын тартып ке­­ле жатқанын жеткізді. Қария­­ның айтуынша, Жаңа­тұр­мыс және Нысанбек ауыл­да­рының ара­сын­дағы ұзын­дығы 3,9 шақы­рым­ға жететін жолды 1970 жылы Мемлекет және қоғам қай­раткері Д.Қонаев салдыр­ған. Содан бері жөндеу көр­мепті. Енді соның зарда­бын тұрғындар тартып отыр.

– Әсіресе, көктемде жаңбыр суының арасында жүреміз. Жаз айында шаң-тозаңның астында қаламыз. Жазбаған, бармаған жеріміз қалмады. Енді міне, ха­лықтың өтінішін арқалап, сіз­дің алдыңызға келіп отырмын, – деді Мейірхан Қамбатыров.

Тұрғынның мәселесін мұ­қият тыңдаған министр аталған ауыл халқына сәлемін жолдап, кезін­де өзі де осы облыстың әкімі бол­ғанын айтты. Табиғаты сұлу өңірді «біздің екінші Швей­цариямыз» дей келе, қазір об­лыс­тық маңызы бар бұл жол­ға бюджеттен қаржы бөлін­генін және жақында жол салына­ты­нын жеткізді.

– Құрылысқа жауапты ко­митет бар. Соның төрағасы Сайранбек Бармаковке «Жер­гілікті атқарушы органдармен байланыссын» деп тапсырма бер­генмін. Біз бұл жолды сала­мыз, – деді Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нистрі Бейбіт Бәкірұлы.

Бір қуаныштысы, жауапты комитеттің төрағасы Сайранбек Бармаков та осы жерден та­был­ды. Ол қазіргі кезде жол құры­лы­сына байланысты қандай жұ­мыстар атқарылып жатқаны туралы нақты ақпарат беріп өтті. «Нысанбек – Жаңатұрмыс» бағы­тындағы республикалық маңы­зы бар осы жолға смета жа­салды. Құны – 107 млн теңге. Бұл облыстық әкімдіктің биыл­ғы бюджетіне енгізілді. Егер Түркістан облысы әкімдігі бюд­жетке кіре алмаған жағдай бол­са, біз, Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нистрлігі тарапынан қаражаттың 50%-ын бөлуге әзірміз», – деді ол.

Арыз-шағымын айтып келген азаматтардың қатарында елорда тұрғыны Хадиша Бәкенқызы, Алматы қаласынан Йогурт Селахеттин, Шығыс Қазақстан об­лысы Курчатов қаласының тұр­ғыны Қасиет Зұлқаршын және т.б. бар.

Хадиша Бәкенқызының ай­­туынша, 2018 жылдың 14 ма­мы­рында елордадағы темір­жол вокзалында оның үстіне це­менттен жасалған плита құла­ған. Осы оқиғадан кейін 69 жас­тағы ананың омыртқасы сы­­нып, ми жарақатын алған. Ол еміне қаражат сұрап, теміржол вок­­за­лының директорына бар­ған. Алайда басшылық қажетті со­маны төлеуден бас тартыпты. Амалы құрыған ана банктен 2 млн теңгеге жуық несие алып, емделіп жатыр. «Қазір осыны төлеу қиын болып жатыр, көмектесіңіз» деп келіпті. Ал Алматы қаласынан байланысқа шыққан Йогурт Селахеттин Медеу ауданы Бута­ковка шағынауданындағы су қорғау аймағына заңсыз салынған мейрамханаға қатысты шағымын айтты. Тұрғын жергілікті атқару­шы органдарға бірнеше рет бар­ғанымен, еш нәтиже шықпапты. Курчатов қаласының тұрғыны Қасиет Зұлқаршынның мәселесі тұрып жатқан үйіне қатысты. Ол үйін «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы алған. Алған уақытта жал­дау құнын төлеп тұруға мін­дет­телген. Алайда қазір жер­гілікті атқару­шы органдар одан үйді өз ба­ғасына сатып алу керегін айтқан. Бү­гінде үш ба­ла тәрбиелеп, такси жүр­гізушісі болып нәпақасын тауып жүрген әке ай сайын жал­ға тө­леп жатқан қаражаттың үй­­­ді сатып алатын сомаға қоса есеп­­­­телуін сұрап, министрге өті­­­ніш айтты. Индустрия және ин­фра­­құрылымдық даму ми­нистрі Бейбіт Атамқұлов азамат­тар­дың өті­нішін тыңдай келе, тиісті ор­­ган­дарға тапсырма беріп, мә­селені өз ба­қылауына ала­ты­нын мәлімдеді.


Элмира.JPG  Эльмира ЖАҚСЫБАЙ