Boeing 737 Max ұшағын шығаруды уақытша тоқтатты
Boeing 737 Max ұшағын шығаруды уақытша тоқтатты
97
оқылды

Boeing компаниясы 737 Max ұшақ маркасын құрастыру жұмыстары уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған «ҚазАқпарат».

Компания желтоқсан айында ұшақ шығару жұмыстарын уақытша тоқтату жоспарын алдын ала айтқан.

«Boeing ұшақ шығару уақытша тоқтатылса да, қызметкерлерді қысқарту болмайды. Олар басқа жобаларға ауыстырылады. Азаматтық авиацияның федералды басқармасының хабарламасында ұшақтардың қауіпсіздігі басты назарда екені, басқарма Boeing 737 MAX модификациясының жоғары стандарттарға сай болуын тексеру процесі мұқият жүргізілмек», – деп жазады агенттік.

Еске сала кетейік, былтыр наурыз айынан бастап 737 Max ұшағының апатынан жалпы 346 адам қаза тапқан.

Boeing айына 42 Max ұшағын шығарған. Бүгінде Вашингтон мен Техаста 400 ұшақ әуе компанияларға жіберу үшін дайын тұр.