Жарықсыз қалмау үшін Дүниежүзілік банктен 100 миллион доллар қарыз алады  
Жарықсыз қалмау үшін Дүниежүзілік банктен 100 миллион доллар қарыз алады  
133
оқылды

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасы хабарлады.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті. Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге, 24 млрд. теңге сомасына жергілікті қамту тауарларын сатып алуға мүмкіндік береді. Отандық өндірісті дамытуға ықпал етеді» делінген ресми хабарламада. Бұдан бөлек, 3 млрд. теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жылдық үнемдеуді және 4,5 млрд. теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделіп отыр.

Бұған дейін Қазақстанның сыртқы қарызы туралы жазған болатынбыз.