Абайдың тасада қалған туындылары
Абайдың тасада қалған туындылары
164
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде ұлы ақын, дана ой­шыл, қазақ­тың жаңа та­рихи дә­­уір­дегі реалистік жаз­ба әдебиетінің атасы Абай Құ­нанбайұлы жайлы «Абай жә­не XXI ғасырдағы Қа­зақстан» атты көлемді мақаласы жарыққа шықты.


ректор.JPG

Абайды әлемге танытқан ұлы жазушы М.Әуезовтің атын ен­шілеген Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері осы мақаладан өз бойларына рухани азық алды.

Президент өз мақаласында: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында қо­ғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле­кеттік маңызы бар мәселеге ай­налды. Өйткені сананы жаң­ғырту арқылы ХХІ ғасырда елі­міздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз», – деді.

Расымен де, қазақ халқының ұлт ұстазы Абай (Ибраһим) өз халқымен бірге міне ХХІ ғасыр межесіне жетіп, ел-жұртымен бір­ге емен-жарқын жасап жа­тыр. Өзі кезінде айтқандай: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өл­мейтұғын артына сөз қал­дыр­ған, – деп, шайырдың өзі жоқ болса да, сөзі қалды. Асыл сөз өлмейді. Асыл сөз айта алған адам да, асылы өлмек емес. Ке­зінде Абайдың шығармашылық өмірін құнттап, кейінгі ұрпақ үшін алтын сандыққа салып, аманат қылып, беріп кеткен М.Әуезов өзінің атағы әлемге жайылған «Абай жолы» роман-эпопея­сында: «Алтын терек, ар­сыға құлаш ұрған ардақты аза­мат, сен өлмейсің! Еліңнің жал­­ғыз жан, ең соңғы ұлы ма, қызы ма, ең кейінгі нәсілі бірде-бір жан болса, соның да кеу­десінде сенің атың бірге кетеді. Сенің тірлігің бірге жасайды, се­нің нұрың бірге жарқырайды! Алдың жарқын, өзің солай сеніп ең… Ана жұртың сені өлді де­мейді…» деген болатын.

Абайтануға өмірін арнаған абыз ақсақалымыз профессор Мекемтас Мырзахметұлы Абай­ды зерттеуге өмірін арнап, қо­ғамға жаңадан адамзат баласын рухани тәрбиеге бастайтын «То­лық адам» ілімі бойынша арнайы еңбек жазып шықты. Мекемтас ағамыздың шәкірттері де Абай­тану саласында қажырлы еңбек етіп, тарихи сананың жаңғы­руына үлестерін қосуда. Өткен жы­лы ғана университет қабыр­ғасынан «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығын ашқанбыз. Мақсат – Абайды әлемге та­нытқан қаламгер Мұхтар Әуезов мұрасын одан әрі зерттеп, зер­делей түсу. Оның сан қатпарлы мұрасын бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау.

Енді осыған байланысты тың жаңалық: университеті­міздегі профессор Мекемтас Мыр­захметұлы басқарып отыр­ған «Мұхтартану» ғылыми-зерт­теу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылым­дарының кандидаты, доцент Ақжол Қалшабек, шәкірті Әзім­хан Исабекпен бірге М.Әуе­зов­тің мұражай үйіндегі Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет Абайдың «Китаб тасдиқ» шы­ғармасының транскрипциясын жасап шықты. Әзімхан Исабек – біздің университетіміздің магис­транты. Абайдың аталмыш «Ки­таб тасдиқ» еңбегі Әзімханның диссертациялық жұмысы. Бұл Абайтану тарихында үлкен орын алар ғылыми жаңалық.

Мемлекет басшысы мақа­ла­да азаматтарға, әсіресе жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-ма­ңызын түсіндіру қажет екеніне, осы ретте тағы да Абайдың мұ­ра­сына зейін қойған абзал еке­ніне ерекше тоқталып өтті.

Бүгінде университетіміздің ға­лымдары Абайдың тасада қал­ған туындыларын зерттеп жүр­ге­нін мақтанышпен айта аламыз.

 

Д. ҚОЖАМЖАРОВА,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің ректоры