Сенаторлар бүгін заң жобасына түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды, – деп жазады zakon.kz.
Бұған дейін полицей жұмыс кезінде жарақат алса, қайтыс болса, баспана үшін алып жүрген жәрдемақысы тоқтатылатын. Енді сенаторлар полицейдің отбасы қиын жағдайға тап болса, төлемдерді ипотекасын төлеп біткенше немесе жалдамалы тұрғын үйді толық сатып алынғанға дейін сақтап қалу туралы ұсыныс айтты.Сенатор Сергей Ершов: «Бас комитет қызметтік міндетін орындау кезінде ауыр жағдайға тап болған: жарақат алған, бір жерін сындырған немесе контузия алған ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасын әлеуметтік қорғауға арналған түзетулер ұсынып отыр. Атап айтқанда, ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін бұрын белгіленген тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынылады», – деді.
Бұған дейін Алматыда, Көкшетауда жол апатынан қайтыс болған полицейлер туралы жазған болатынбыз.