Астрахан ауданында шахта опырылып, екі адам жапа шекті
Астрахан ауданында шахта опырылып, екі адам жапа шекті
Ақмола облысының Астрахан ауданында «Айна – ресурс» ЖШС шахтасы опырылып құлаған. Салдарынан дәл осы сәтте шахтада жұмыс істеп жүрген 1991 және 1990 жылғы екі ер адам жер астында қалып қойған. Жапа шеккендер төтенше жағдайлар қызметкерлерімен үйінді арасынан құтқарылды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір зардап шеккендер Астрахан аудандық ауруханасында, жағдайлары орташа ауыр.
«Бүгін 03 сағат 02 минутта Астраханка ауылының 19-ӨСБ байланыс пунктіне Ақбейіт ауылында шұғыл науқастарды құтқару және эвакуациялау үшін көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Құтқарушылар жоғары өтетін ТРЭКОЛ ВЕГА жол талғамайтын көлігімен шақыру орнына жіберілді. Ер адамдар 100 метр тереңдікте ауыр халде болды, оларды шахтадан басқа кеншілер алып шықты және құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Метеорологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына дәрігерлермен бірге шығып, зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялады», – деді Астрахан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аят Сералиев.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы