Қалпына келтірілген үй қауіпті сейілте ме?
Қалпына келтірілген үй қауіпті сейілте ме?
87
оқылды

Алматыдағы Зерделі ықшам­ау­данындағы қисайған №179 үйдің жағдайы туралы бұдан бұрын да жазғанбыз. Үй тұр­ғындары өзге пәтерлерге көші­ріліп, сараптама жүргізілді. Ин­дустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігі ҚазҚСҒЗИ АҚ зерттеу нәтиже­ле­рін жария етті.

Өткен жылдың соңғы айларынан бастап сараптама жүргізіле бастады. Үйдің негізі мен тірек конструк­ция­ларын жүйелі түрде зерттеу, ғимараттың күн сайынғы қисаюын өлшеу мен оның мүмкін болатын серпінін қада­ға­лаған институт зертханасы маман­дары осы үйде тұру қауіпсіздігіне қатыс­ты алдын ала қорытынды жаса­ды. Мамандардың мәліметіне қара­ғанда, қисайған үйді қалпына келтіруге болады. Келер айда аталған мекеме қорытындысына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары бастал­мақ.

«Қазір ұсыныстар бойынша ҚазҚСҒЗИ-мен келісе отырып, жұ­мыс өндірісінің жобасы әзірленбек. Ғимараттың іргетасын күшейту, қисаю­дың алдын алу және жою жөнін­дегі одан арғы барлық жұмыстар құ­ры­лыс саласындағы, оның ішінде сейс­микалық қауіпті аймақтардағы проб­лемалармен айналысатын Қа­зақ­стандағы жалғыз мемлекеттік меке­менің бақылауымен жүргізілетін бола­ды. Институттың бұл салада 87 жылдық тәжірибесі бар», – дейді Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағанбетов.

ҚазҚСҒЗИ АҚ-ның зерттеу нәти­желері жария етілмей тұрып Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Біз Алатау, Саялы және Зерделі шағынаудандарында терек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Өзде­ріңіз білесіздер, мұндағы көпқа­бат­ты тұрғын үйлер жерасты суының көтерілуінен сәл ғана қисайып тұр. Ал терек – жерасты суын өзіне сіңіріп ала­тын ағаш, ол жерасты суын төменге түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар терек бәрінен бұрын көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегі бөліп шыға­ра­ды» деген болатын.

Мамандар бұл үйді қалпына кел­ті­р­у жұмыстары үш айға созылуы мүм­­кін дейді. Алдағы уақытта осы ау­дан­дағы барлық 32 үйге зерттеу жүр­гізілмек. Оған себеп: тұрғын үй құры­лы­сының сапасыз деп танылуы. Осы үй бойынша бір айдан астам уақыт зерт­теу жүргізген мамандар осындай қорытындыға келіп отыр. Әйтсе де, олар үйдің апатты жағдайда емес екенін айтуда. Тексеру нәтижелерінен кейін осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«2019 жылдың 24 желтоқсанында атал­ған іске қатысты Қылмыстық кодек­стің «сапасыз салынған құры­лыс» мәселесін қарастыратын 278-ба­бы бойынша қылмыстық іс қозғал­ды. Іс полиция департаментіне жол­­данды. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кінәлілер 6 жылға дейін бас бос­тандығынан айырылатын болады», – деді Алатау ауданы прокурорының орынбасары Ержан Болатханов.

Қисайған үйдің жағдайына алаң­да­ған тұрғындар әрі-сәрі күйге түс­кен болатын. Олардың барлығы қала әкімшілігі есебінен жалдамалы пә­тер­лерге уақытша жайғастырылды. Қыс­тың қақ ортасында балаларды бала­бақшалар мен мектептерге орна­ластыруда біраз қиындықтар туын­даған. Қазір бұл мәселелер де бір­тіндеп шешімін тауып келеді. Ар­найы құрылған штаб жағдайды бақы­лау­да ұстап отыр. Қисайған үйдің тұр­ғын­да­ры өз баспаналарына оралу не орал­мау жайында әзірге ешқандай сөз қоз­ғалған жоқ. Бұл мәселе үй қайта түзе­тілген соң, арнайы тексерістің қорытындысына сәйкес қаралып, шешім қабылданады.


Гулнар Тажиева 01.jpg  Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ