Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Otyrar.kz. Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген Айжан Пайшанованың 6 ұл, 3 қызы бар. Дәрігерлердің айтуынша, бала мен ананың қазір жағдайы жақсы.

«Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер балама да, өзіме де жақсы қарап жатыр», - деді көпбалалы ана Айжан Пайшанова.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсімнің жақсарып келе жатқанын айтады. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.