Алматыдағы перзентханада әйел қайтыс болды
Алматыдағы перзентханада әйел қайтыс болды
Алматыдағы 5-перзентханада әйел қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали хабарлады.
«Ананың қайтыс болғаны рас. Бұл Алматыдағы 5-перзентханада 2 наурызда болған оқиға. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесін күтіп отырмыз», - деді басшы орынбасары.
Оның айтуынша, перзентханада болған жағдай бақылауға алынған.
«Жемқорлық туралы ақпарат бізге түскен жоқ. Егер тергеу барысында анықталса, біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Өздеріңіз білесіздер, шешілетін, алдын алуға болатын, болмайтын жағдайлар болады. Сол себепті барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз. Ал ана өлімі аурухана басшылығы тарапынан кеткен қателіктен, ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараудан болса, Қоғамдық денсаулық басқармасы аталған фактіні назардан тыс қалдырмайды, қатаң шара қолданатын болады»,- деді ол.