Асыл азамат туралы сөз
Асыл азамат туралы сөз
308
оқылды

Ғұмыр деген осы. Кеше ғана қоғам туралы, заман туралы, болашақ туралы сан қилы сапырылысқан ой­лар­ды жіліктеп, реттеп мін­бер­лерден жүйелі сөзін ай­тып, салиқалы баяндама­ла­рын жасап, басылым бет­те­ріне кешенді мақала­лар жа­рия­лап жүрген елімізге бел­гілі ғалым, саясаттану ғы­лымдарының докторы, про­фессор, экс-депутат Ка­мал Низамұлы Бұрханов дүние­­ден өтті.

Камал мырзаны ертеден бі­ле­мін. Ол әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің Философия және сая­­саттану факультетінің де­ка­ны болып қызмет атқар­ды. Көптеген шәкірттерді даярлады. Оның шәкірт­тері бүгінде мемлекеті­міз­дің, қоғамның сан саласын­да қызмет атқаруда. Камал Ни­замұ­лының ғылымға сіңір­ген еңбегі мол. Ол, әсіресе ғы­­­лым­ды насихаттау ісінде өте шебер еді. Оның талай баян­­­­­дамаларын тыңдадым. Ой­­лай­тынмын, сонда заман­да­­­сы­мның қоғамның аса күр­­де­­лі мәселелеріне емін-еркін бой­­лап, тың талдаулар жа­са­­­ға­нына таңғалатынмын. Камал мыр­за тек қазақ елінде ғана емес, әлемнің бірқатар мем­ле­кеттерінде баяндамалар жа­сап, жұртшылықтың наза­ры­на іліккен еді.

Камал мырза, орыс және қа­зақ тілдерін еркін, тең мең­­гер­ген маман. Отандық ғы­лым­­да мұндай ғалымдар өте аз. Әсіресе, саясаттану ғы­лым­­­дары саласындағы маман­дар негізінен біртілді, яғни орыс­тілді мамандар. Камал Низамұ­лы болса, аудиторияға бай­ланысты орыс, қазақ тілде­рін­де еркін сөйлеп кететін. Ол еліміздегі саясаттану ғылы­­мы­ның іргесін қалауға көп еңбек етті. Оннан аса ғы­лым док­тор­ла­рын және канди­дат­тарын даярлады, ғылыми кеңестердің төрағасы болды. Білім және ғылым министрі жанындағы сая­саттану, философия ғылым­да­ры жөніндегі сараптама ко­миссиясының төрағасы бол­ды. Көптеген жаңа жобаға са­рап­тамашы болып, жас ғалым­дар­дың ізденісіне жол ашты.

Камал мырза адамшылығы мол, кісілікті жан еді. Оның дос-жарандары көп бола­тын. Мен Камалдың жалғыз жүр­ге­нін көрмедім. Үнемі қа­сында бір­неше адам болып, әлде­не­ні тал­қылап, әлде­қан­дай мә­селелерді көтеріп, дуыл­дасып жүретін. Камалдың от­басы тамаша еді. Оның от­­­ба­сылық тойларында, ба­ла­­­­лары­ның ғылым дәре­же­сін алуға арналған той дас­тар­қан­да­­рында, үйлену той­ларына та­лай рет қатысып, Ка­­малдың жан-жақты, ауқымы кең, асыл аза­мат екеніне көзім жетті.

Камал мырза Мәжіліс де­пу­таты болып жүрген ша­ғын­­да елге белгілі қоғам қай­­­раткері ретінде танылды. Оның Мәскеуде, Санкт– Пе­тер­­борда, Парижге, Лон­дон­­ға т.б. қалаларға барып, баян­­да­ма жасағанының куәсі де бол­дым. Ол өзінің туған елі, өзі­нің болашағы туралы өте ша­­­быттана сөйлейтін. Әсі­ре­се, дін мәселесінде бой көр­­­сет­кен әсіре діншілдерге дә­­­­­­лелді, нақты тойтарыс бер­ге­­ніне разы болатынмын. Ка­­мал мырзамен сапарлас бол­ған сәт­тер есіме түскенде, оның бір­ге жүрген достарына деген ізгі ілтипаты ерекше еке­нін байқайтынмын. Ол өзі­нен гөрі қасындағыларға көп кө­ңіл бөлетін сияқты көрінді ма­ған. Бұл оның адамшылық қа­сиеті, ата-анасынан алған тәр­бие­сі­нің жемісі, текті тұ­қым­­­нан шық­қан­дығының айға­ғы.

Камал Бұрхановтың қазасы ауыр. Оның елімізге бергенінен берері көп еді. Айтатын ойлары бар еді. Осындайда әттең деген­нен басқа не айтасың?! Бәрі Алланың әмірі. Бұл ғұмырда жақ­­сы ғұмыр кештің, Камал бауырым! Бақи дүниеде жаның жән­натта, иманың жолдас бол­сын деймін.

 

Ғарифолла ЕСІМ,
академик, қоғам қайраткері