Қазақстан мен Тәжікстан арасында әуе қатынасы қайта жанданады
Қазақстан мен Тәжікстан арасында әуе қатынасы қайта жанданады
86
оқылды
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Алматы-Душанбе-Алматы бағытында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты рейстерді қайта ашуға рұқсат етілді. Тәжікстанда Covid-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі індетке қарсы іс-шараларды күшейту жөніндегі республикалық штабтың шешіміне байланысты бастапқы кезеңде әр тараптан аптасына 1 рейстен ғана орындалады. 14 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы мен Душанбе қалалары арасында аптасына 1 рет (жексенбі күндері) тұрақты рейс орындауды жоспарлап отыр. Ал Тәжікстан жағынан Алматы мен Душанбе қалалары арасында тұрақты әуе қатынасын 18 наурыздан «Somon Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен (бейсенбі күндері) қайта бастайды деп жоспарланып отыр. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.