СҚО-да ер адам анасын тірідей "жерледі"

СҚО-да ер адам анасын тірідей "жерледі"

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны туыстарының өлімін ойдан шығарып келген, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  15 ақпанда бұрын сотты болған 29 жастағы Сергеевка ауданының тұрғыны дүкеннен ұрлық жасағаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол жергілікті тұрғыннан 50 мың теңге алғаны белгілі болды. Әпкем қайтыс болды, соған керек болып тұр деген. Алайда, оның ешқандай әпкесі жоқ екені белгілі болды. Қаңтарда ол аудандағы шаруашылықтардың біріне жұмысқа тұрған. Екі апта жұмыс істеген соң анасының "қайтыс болуына" байланысты шаруашылық басшысынан материалдық көмек сұраған. Кәсіпкер оған сеніп, 62 мың теңге берген. Содан соң күдікті жұмысқа шықпаған. ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тергеу басталды.