Қостанай облысында екі зейнеткердің мәйіті табылды

Қостанай облысында екі зейнеткердің мәйіті табылды

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінен екі зейнеткердің денесі табылды.

«1 наурыз күні сағат 11:00-де Алтынсарин ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алтынсарин ауданының Щербаково ауылындағы жеке үйден 84 жастағы ер адамның және 75 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК 99 - бабының 2-бөлігі 1, 7, 8, 192-тармақтарының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша тіркеген», – деп хабарлады полиция бақармасы.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ақша талап еткен ер адамдар зейнеткерлерді пышақтап кеткен. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.