Анасы бір жарым жасар қызын өлтіргенін 11 жылдан кейін мойындады
Анасы бір жарым жасар қызын өлтіргенін 11 жылдан кейін мойындады
102
оқылды
11 жылдан кейін әйел полиция қызметкерлеріне өзінің бір жарым жасар қызын өлтіріп, елсіз далаға апарып тастағанын мойындады. Қостанай облысының полиция қызметкерлері баланы өлтіру ісін тергеп жатыр, деп хабарлады alau.kz порталы. Полиция басқармасының хабарлауынша, қызға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де, оның қызы да онда ұзақ уақыт тұрмағаны анықталған. Тәртіп сақшылары қыздың анасын іздеп тапқан. Оқиға 2008 жылы болыпты.
"Келіншектің айтуынша, жанжал болған. Салдарынан үйінен кетіп қалған. Тіпті, үйден қуып жіберген десе болады. Осы себепті жағдайы қиындаған әйел баланы елсіз далада өлтіріп, тастап кеткен", – деді Қостанай облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.
Әйел полицейлерге баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, облыстың басқа ауданына кеткенін мойындаған. Баланың сүйегі табылмады. Бұрын дала болған жерге, қазір жол салынып өзгеріп кеткен. Қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ екен.
"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", – деп түсіндірді бөлім бастығы.
Тергеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.