Жүргізушілер датын айтты
Жүргізушілер датын айтты
137
оқылды

Қазақстанда Армения және Қырғызстан нөмірімен жүр­­ген кө­ліктерге арналған жаңа талаптарға қатысты аты­рау­лық авто­көлік иелері «Аламан» сауда үйі ма­ңайы­на жиылып, билік­тен әкелген көліктерін тір­кеу, ке­дендік ресімдер және утили­за­цялық алым төлем­де­рін төмендетуді талап етті.

Ішкі істер министрлігі қазақ­­ста­н­­дықтарды шетелдерде тір­кел­­ген көлік құралдарын өз елі­­­мізде тіркеуге шақырғалы ше­­­телдік көлік иелерінен маза кет­кен. Ереваннан еліне кө­лік ай­дап әкелуді бастаған ре­сей­­лік­тердің соңынан ерген қазақ­стан­д­ықтар елімізде тіркелмеген көліктері үшін «көресінді көре­міз бе?» деп уайымдап жүр.

Сайып келгенде Арменияда ке­дендік тіркеуден өтіп, сол жақ­­тан әкелінген көліктер ше­тел­дік болып есептеледі. Ал олар­ды Қазақ­станда тіркеу үшін ке­дендік баж салығын төлеу керек.

Атыраулық шетелдік авто­кө­лік иелерінің де өз талаптары бар. Сондықтан да «Аламан» сау­­да үйі маңайына жиылғандарға Аты­­­рау облысының ПД әкім­ші­­­лік полиция басқармасы бас­ты­­­ғының міндетін атқару­шы Мыр­­залы Өтеғалиев пен облыс­тық ішкі саясат басқар­ма­сының бас­­шысы Жасұлан Бисембиев кө­лік­терді тіркеу ережелерін түсін­дірді.

Жиналған автокөлік жүргізу­ші­лері Қазақстанда автокөлікті заң­дастыру үшін шетелден ав­то­­­мобиль сатып алуға кеткен ақша көлеміндей қаржы жұм­са­латынын, оның өздері үшін қым­­батқа шығарын айтып ша­­ғым­­дануда. Әрі шетелдік көлік­те­рін тір­кетуге кеткен шығынды өн­ді­ріп алу үшін жанталасқан кезде ха­­лықтың да зиян шегетінін ай­тады. Себебі олардың көбі же­ке­­меншік тасымалдаушы бо­­­лып ақша тауып жүргендер. «Біз көлігімізді заңдастыру үшін ақ­ша табуымыз керек. Ол ақ­ша­­ны біз такси болып таба­ты­­­­­нымыз белгілі. Бұл сайып кел­­генде, Атырауда такси құны­ның артып, қарапайым тұр­­ғын­­­дардың тұрмыстық жағ­да­йына әсер ететіні сөзсіз», – дейді көлік иелері. Сондықтан аты­рау­лықтар Үкіметтен көлік­те­рін заң­­дастырып беруді сұрайды.

Сонымен қатар олар өңір­лер­де болатын жол-көлік апат­­­­тары мен жол ережесін бұ­зу­­­­­шылардың барлығын «арме­­ния­лық» деп айып­тауға болмай­ды деген уәж­дерін айтуда. «Жол- кө­лік оқи­­ға­ларының болуы кө­лік­тің ше­тел­дік болуынан емес, көлікті бас­қарушылардың мә­де­­­ниетінде еке­нін ескерген де дұрыс шығар», – дейді олар.

Жиын соңында «Біз жи­нал­ғандардың талаптарын тыңда­дық. Жалпы, 212 көлік иесінің талап-арыздарын қабылдап ал­дық. Көлік иелерінің барлық ша­ғымдары мен ұсыныстарын Үкі­­мет пен Парламентке жеткі­зе­­міз. Қазір ереже бұзғандар бол­маса, ешқандай шектеулер салы­нып жатқан жоқ. Заңға сәй­кес, 15 күн ішінде жауап береміз», – деді облыстық ішкі саясат бас­қармасы басшысы Жасұлан Бисембиев.


Тұрсын.JPG  Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
                     Атырау облысы