Bek Air ұшағының апатына байланысты 300 адамнан жауап алынды
Bek Air ұшағының апатына байланысты 300 адамнан жауап алынды
154
оқылды

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 300 адамнан жауап алынды, – деп жазды Tengrinews.kz.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов: «Дерек бойынша қылмыстық іс бар, соған байланысты жан-жақты тергеу шаралары жүргізіледі. Соның нәтижесінде, бүкіл мән-жай анықталады. 300 адамнан жауап алынды», – деді.

Айта кету керек, 2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.