Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен
5,085
оқылды
35 жастағы елорда тұрғыны тәуліктің түнгі уақытында Сатпаев көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп құны 90 000 теңге тұратын «Galaxy» маркалы велосипедті ұрлап кеткен. Ұрланған екі дөңгелекті көлікті ер адам өзінің көршісіне төрт есе арзан бағаға қолдан өткізіп үлгерген. Велосипед оны қоюға арналған арнайы орында тұрмағандықтан және арнайы сым арқанмен бекітілмегендіктен қаскүнемге оны ұрлау қиындық тудырмаған. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстап, ол өзінің кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағылық танытып, велосипедтерді, шаналарды және арбаларды сым арқанмен бекітпестен үйдің кіреберісіне қалдырмауға кеңес береді.