Мәжілісте Партияаралық кеңес құрылады
Мәжілісте Партияаралық кеңес құрылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан Партияаралық кеңес құру туралы бастама жасады. Бұл ұсынысты ол Қазақстанда тіркелген партия өкілдерімен кездесуінде айтты.

Кеңесті ұйымдастырудың бас­ты мақсаты – парламенттік және парламенттік емес партиялар ара­сында тұрақты диалог орнату. – Әрқайсысымыздың алға қой­ған жоспарымыз, міндетіміз, жұ­мыс істеу тәсілдеріміз әртүрлі бол­ғанымен, мақсатымыз бір. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту бас­тамаларын қолдап, хал­қымыздың өмір сапасын жақ­­сар­туға ықпал ету, үлес қосу, – деді оты­рыста Нұрлан Нығматулин. Осы жолда Мәжіліс әрқашанда қоғамдық ұйым­дармен, тәуелсіз сарапшылармен, журна­листермен ашық, қолжетімді және жария жұмыс істеп келе жатқанын алға тартқан палата Спикері: – Мәжіліс жанынан Партия­аралық кеңесті ұйым­дастыруды ұсына отырып, біз, ең алдымен пар­­­­­ламенттік және парламенттік емес партиялардың диалогін кеңей­ту үшін жаңа мүмкіндіктер ашқымыз келеді. Осы жаңа пікір­­­талас алаңын­да әзірленетін тал­­­­­қылаулар, ұсы­ныстар, ұсы­нымдар заң шығару процесін одан да тиімді етуге мүм­кіндік береді деп үміт­­тенеміз. Жалпы, біздің Партия­­аралық кеңес аясындағы ынты­­мақтастығымыз өзекті мәселені шешудің тағы бір құралы бола алады, – деді. Нұрлан Нығматулин атап өт­кендей, Пар­тия­аралық кеңес кон­сультативтік-кеңесші орган бо­ла­­ды. Ол қандай да бір заң жобалары бойынша пар­тия өкілдерінің жұ­­мыс топтарының құрамына кіруіне депутаттық корпустың мүдделі екенін біл­діреді. Отырыс барысында парла­мент­­тік емес партия өкілдері Мә­жіліс Төрағасы ұсынған бас­таманы қол­дап, бұл Мәжіліс жұ­мысындағы жаңа бетбұрыс екенін айтты. Сонымен қатар Нұрлан Нығ­матулин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында ел Пре­зи­­­­­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың көтерген тапсырмаларына, соның ішінде жаңа заң жобасын әзірлеуге қатысты мәселелерге на­­зар ау­­дар­ды. – Біз Партияаралық кеңестің тұрақты жұмыс істейтін жұмыс алаңына айналуын қамтамасыз етуіміз керек. Онда ұсынымдар әзір­­ленеді, содан кейін олар Пар­­­­ламенттегі заңнамалық про­цестің барлық сатыларында пайдала­­ны­­латын болады, – деді сөзін қоры­тындылаған Мәжіліс Төрағасы. Айту кету керек, Мәжілісте өт­­кен жиынға Adal, «Ақ жол», «Ауыл» партияларының және Қазақстан Халық партиясының, «Nur Otan» және ЖСДП өкілдері қатысты.

А.СҰЛТАН