Елордада туберкулез азайған
Елордада  туберкулез азайған
5,096
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кейінгі 10 жыл ішінде  қалада туберкулез бен ту­беркулезден болатын өлім-жітім бес есе азайған.

Дәлірек айтқанда, 2010 жылы 765 адам ту­­беркулезге шалдықса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеген. Туберкулезге қарсы күрестің жүйелі жүруі қаладағы меди­­ци­­налық ұйымдардың және қаланың көптеген бө­­лімдері мен құрылымдарының жүйелі қыз­ме­тімен бай­ланысты. Қазір елордада профилактикалық флюоро­графиялық тексеруден өткізу үшін 16 ста­цио­нарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар. Басқарманың мәліметінше, ту­­беркулезді диагностикалаудың сезімтал гендік-молекулалық әдістерін тексеру үшін қалада төрт аппарат бар. Оның үшеуі медициналық-сани­­тарлық көмек ұйымдарында және біреуі қалалық фтизио­пуль­монология орталығында тұр. Бұл зерттеу екі-үш сағат ішінде патогеннің болуын және дәрілерге сезімталдықтың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде ем қа­былдап жатқан туберкулезбен ауыратын нау­қастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау барын ұмытпаған жөн. Бұрын көмек азық-түлік па­­­­кеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем беріледі.

А.ЖОЛДАС