Жол сапасын бақылауда ұстамақ

Жол сапасын бақылауда ұстамақ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында үшінші мегаполистің автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер тал­қыланды. Жиында Шымкент қа­ла­лық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма­сының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Ержан Жақсылықұлының ай­туынша, 2020 жылы автомобиль жол­дары саласын дамытуға 24,4 млрд теңге қаралып, 261 ны­сан құрылыс-жөндеу жұмыстары­мен қамтылған. Оның 219-ы 2020 жылы пайдалануға берілді. Ал биыл автомобиль жолдары сала­сын да­мытуға 32,3 млрд теңге қара­лып, 128 нысан құрылыс-жөндеу жұ­мыс­тарымен қамтыл­мақ. Оның 116-сын 2021 жылға дейін пайда­лануға беру жоспар­ланып отыр. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы пар­тия­лық бақылау комиссиясы тара­пынан арнайы мониторинг жұ­мыс­­тары жүргізіліп, бірқатар проб­лемалық мәселе айқындалған. Оты­рыс барысында басқарма бас­шы­сына кемшіліктерді жою бойын­ша тапсырмалар беріліп, нақты орын­далуына үш ай мерзім белгіленді.

Әбілмансұр ЖАСАН