Балабақшадағы мәселе қаралды
Балабақшадағы мәселе қаралды
188
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғ.Құрманғалиев, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Мұханов, қалалық мәслихат депутаттары мен комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мем­лекеттік сатып алу порталында жіберген қателіктер және бір­неше күн бұрын әлеуметтік же­ліде резонанс тудырған «Ақ­бөбек» балабақшасында жылыту жүйесінде болған мәселелер қаралды. Сонымен қатар үй-жайларды залалсыздандыру жағдайы сөз болды. Отырыс соңында тұрғын үй­лерді газбен жабдықтау жүйесі, газбен улану деректерінің алдын алу мақсатында атқарылып жат­қан жұмыстар тыңдалды. Комис­сия мүшелері күн тәртібіндегі әр мәсе­лені жан-жақты қарап, жауап­ты мекемелердің осал тұс­тарын көр­сете отырып, ұсы­ныс­тар берді. Жұ­мыстардың нәтижелігін арт­тыру мақсатында арнайы мони­торинг топ құры­лып, жауапты ме­­к­е­ме­лердің жұмысы қадағаланады.

Әбілмансұр ЖАСАН