Жаңа комиссия құрылады
Жаңа комиссия құрылады
137
оқылды

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалында өңірдегі бастауыш пар­тия ұйымдарының төра­ғалары және Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың қатысуымен кездесу өтті. 

Кездесу барысында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ өңірдегі жастармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. – Партия халық пен билік арасын байланыстырушы алтын көпір болып тұр. Сондықтан біз әрқашан тұрғындардың өтініш­тері мен ұсыныстарына құлақ асып, оны жүзеге асыруға атсалысуға бар күшімізді саламыз. Партия құрамындағы азаматтар да халыққа берген барлық уәделердін орындауы тиіс, – деді Илья Теренченко. Жиында филиал басшылығы облыс жастарын қолдау жөнінде арнайы комиссия құру туралы шешім қабылдады. Бұл комиссияға қоғамдық бірлестіктер, үкі­меттік емес ұйымдар көшбас­шы­лар­ының, қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттарының өкілдері, сон­дай-ақ жастар саясаты мәселелері бас­қармасының басшылары кіреді.

Әбілмансұр ЖАСАН