Қала тұрғындарының арызын тыңдады
Қала тұрғындарының арызын тыңдады
112
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында мәслихат депутаттары Серік Есматов, Шухрад Шардинов және Рахат Шимашева қала тұрғындарын онлайн режимде қабылдады.

Қабылдау барысында «Болашақ» ПИК төрағасының заңсыз әрекетіне, Қазақстан азаматтығын алуға ықпал етуге, атаулы әлеуметтік көмек алуға, жұмысқа орналасу және басқа да әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды. Мысалы,  қамқоршы С.Аренованың кә­мелеттік жасқа толмаған қызына ноутбук пен гуманитарлық көмек беріліп, Р.Жылқыбаеваның  жұ­мыстан босап қалуына қатысты мәселесі оң шешімін тапты. Алматы қаласы әкімдігінің аппараты келісімшартты тағы да бір жылға созды. Қалған сұрақтар бойынша еліміздің заңнамалары аясында түсініктеме беріліп, өзекті мәселелер депутаттардың жеке бақылауына алынды.

Әбілмансұр ЖАСАН