«Қазақмыс» директорына шабуыл жасаған адам кім?
«Қазақмыс» директорына шабуыл жасаған адам кім?
5,118
оқылды
Жезқазғанда «Қазақмыс» топ-менеджеріне шабуыл жасап, соның кабинетінде өз-өзіне қол салған кәсіподақ басшысы Тоғызбай Тәжбенов туралы айтып берді. Ер адамды танитындар оның әрдайым сабырлы әрі парасатты болатынын айтады, сол себепті таяуда болған жағдай барлығы үшін күтпеген жағдай болған. Қаза тапқан адам туралы қоғам белсендісі Берік Жағыпаров айтып берген. Оның айтуынша, Тәжбенов алдымен шахтада еңбек етіп, содан кейін әкімшілік жұмыспен айналыса бастаған. Ол ұзақ уақыт бойы «Қазақмыстың» әлеуметтік бөлімін басқарып, кейін кәсіподаққа кетуге шешім қабылдаған. «Бұл 2018 жылдың қараша айында болды. Мен одан сұрадым, өйткені, шын мәнінде, бұл қызметтік төмендеу болатын. Бірақ ол осы жұмыспен айналысқысы келетінін және осы өз орны екенін айтты. Оған ол жер жайлы болды. Оның қызметіне жұмысшыларға тұрғын үйді бөлу, оларды оқуға жіберу,шаралар ұйымдастыру кірді», – дейді Берік Жағыпаров. Сонымен қатар, қайтыс болған азамат Сәтбаев қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты болған. Жағыпаровтың айтуынша, бұл лауазымдар Тәжбеновтың мінезіне із қалдырды: ол әрдайым сабырлы және барлығын ақылға салатын жан еді. «Ол әртүрлі жағдайларға бейімделе білді, мінезі жұмсақ болатын. Мүмкін, бірдеңе әсер еткен шығар», – деп жауап берген қоғам белсендісі. Жағыпаров оқиғаның кешкі сағат алты шамасында, «Қазақмыстың» қызметкерлері үйге қайтып жатқанда болғанын айтады. «Ғимарат дереу қоршалып, адамдарды тергеу шаралары жүргізілгенге дейін тағы бірнеше сағат шығармай отырған». Еске салайық, 21 қаңтарда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды. Оған «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Кәсіпқорған» кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал шыққаны айтылды. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған. «Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М. Мініғұлов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полициядағылар.